Павлодарда 52 млн қарызы бар жүргізуші ұсталды

0
234
Фото: polisia.kz

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды,

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодардағы Астана-Лермонтов көшелерінің қиылысында «Кибершериф» мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп, Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатты.

Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті арнайы айып алаңына орналастырды. Ол айыппұл толық төленгенше сол жерде тұрады, – деді Айдар Сламбеков.

Еске сала кетсек, өңірде биыл 20-30 маусым аралығында кез келген ұсақ құқықбұзушылыққа «мүлде төзбеушілік» қағидаты негізінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз