Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

ШЫҰ саммиті аяқталып, террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды – жедел штаб

Гвардейцы несут службу в усиленном режиме в Астане
Фото: ҚР Ұлттық ұланы

 – Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары аяқталды.

Осыған байланысты «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13 және 15-баптарына сәйкес күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Күзет іс-шараларын өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығы терроризмге қарсы операция режимін 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан Астана қаласында алып тастау туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығымен бекітілген «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларына» сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан террористік қауіптіліктің бірқалыпты («сары») деңгейі алып тасталынады.

«Күштік құрылым бөлімшелері штаттық режимдегі жұмысқа көшеді»,-делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб хабарламасында.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент қалалық басқарма басшысының орынбасары жол апатынан қаза тапты

Сенат жылу энергиясында мемлекеттік бақылауды күшейтуге қатысты құжатты мақұлдады

zamandas69@mail.ru

Жағдай ерекше назарда: Олжас Бектенов СҚО-дағы су тасқынына қарсы жұмыстармен танысты