Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Атырауда төбелестен кейін 17 жасар жігіт қайтыс болды

Атырау облысының Махамбет ауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жігіттер арасында төбелес орын алған. 17 жастағы жігіт қатты соққыдан кейін құлап, орнынан қайта тұрмаған.

Белгілі болғандай, қайтыс болған жігіт – Сарытоғай ауылының тұрғыны және биыл ғана мектепті бітірген. Қатарластарымен арадағы жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Оның өліміне 2005 жылы туған жас жігіт күдікті ретінде танылды.

Бұл туралы Атырау облысы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

17 жасар жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша 2005 жылы туған күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. – деп хабарлады полиция.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сәйкес жаңалықтар

Белгіленбеген жерде намазхана ашқан өскемендік жауапқа тартылды

2025 жылы Қазақстандағы зейнетақы және жәрдемақы мөлшері

Ауыл мен қаланы жалғаған жоба 47 рет көрсетілді