Жас ғалымдар робот-курьер жасап шығарды
Робот-курьерді Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жас ғалымдары мен роботтехника және автоматика техникалық құралдары кафедрасының студенттері жасап шығарған.
Медицина қызметкерлері таситын дәрі-дәрмекті енді робот-курьер орындап, сұраныс бойынша емделушіге дәрі-дәрмекті жылдам әрі қауіпсіз жеткізу жұмыстарын атқарады.
Аталған көмекші роботты жасаған топтың жетекшісі Нұрлан Баянбайдың айтуынша, мұндай робот-курьерлер бірқатар шет мемлекетте дәрі-дәрмекті пациент жатқан әрбір палатаға қауіпсіз жеткізіп береді. Көзбен көріп, осындай роботты біз неге жасамасқа деген ой келген.
Робот-курьер отандық материалдан жасалған. Электрондық құралдар ғана шетелден алынған екен.
Аталған робот көмекшінің медициналық мекемелерге қажеттілігі мол болмақ.
Бұл туралы толығырақ «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған Азамат Есенжолдың «Робот-көмекші» мақаласынан оқи аласыз.