Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Шымкенттің экс-әкімінің бауыры уақытша ұстау изоляторына қамалды

КазТАГ
Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің туған ағасы Марат Әйтенов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды zamandas.kz Aikyn.kz. сілтеме жасап.
Сондай-ақ департамент атышулы осы оқиғаға қатысты ақпарат желіде желдей ескен соң тергеу амалдары да басталғанын мәлімдеді.

М.Әйтеновтің үстінен «Отбасы-тұрмыстық қатынастары саласындағы заңға қайшы келетін әрекеттері фактісі негізінде әкімшілік іс қозғалып отыр.

“Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылған. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады полиция.

Еске сала кетсек, жұма күні М.Әйтеновтің бұрынғы жұбайын балаларымен бірге үйден сүйреп шығарып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ал ертесі күні жәбірленуші әйел әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысынан көмек сұрап, үндеу жариялады. Әйелдің айтуынша, оның бұрынғы күйеуі соңғы жылда олардың өмірін тозаққа айналдырып жіберген.

Сәйкес жаңалықтар

Бұл халықаралық қауымдастық үшін дер кезінде қолға алынған аса маңызды форум болады

«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай

zamandas69@mail.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды