Менеджері Шавкат Рахмоновтың шаршы алаңға оралуы туралы ресми мәлімдеме жасады

0
71
Фото: Шавкат Рахмоновтың Іnstagram-парақшасы

 – Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов спортшы өзінің келесі жекпе-жегін лигада өткізуді жоспарлағанын баяндап берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Шавкат күзге дайындалып жатыр. Енді Джек Делла Маддаленаның жарақатын ескере отырып, титулдық жекпе-жек қалай өтетінін күткен жөн. Осыдан кейін Шавкаттың келесі жекпе-жегі жоспарланады. Оның келесі қарсыласы Маддалена бола ма? Жоқ, Джек әзірге өзімен-өзі шеткері қалды. Бізде оны күтуге басымдық жоқ. Біздің мақсатымыз – үміткер мәртебесін алу», – деді Саят YouTube-тегі «Вестник ММА» арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, UFC 304 турнирінің басты жекпе-жегінде октагонда жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы, ағылшындық Леон Эдвардс пен палестиналық белді боксшы Белал Мұхаммад кездеседі.

Шавкат Рахмоновтың еншісінде 18 жеңіс бар, оның әрқайсысына мерзімінен бұрын қол жеткізген. UFC 296 турнирінде өткен соңғы жекпе-жекте Шавкат Рахмонов екінші раундта Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ