Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҒылым-Білім

Алматыда 1-сыныпқа баратын балалардың 90%-ы — қазақтілді – Ерболат Досаев

Фото: Акимат Алматы

– Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Сұрақ-жауап кезінде қала тұрғыны мегаполисте қазақ тілі қолданысын кеңейту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады. Сондай-ақ, Алматыда қазақ тілінде білім беретін мектептердің үлесі аз екенін айтты.

– Алматыда жалпы мектептердің – 35%-ы ғана қазақ тілді мектептер екен. Оның өзі мемлекеттік мектептерді алғанда. Ал егер жекеменшік мектептерменен қосатын болсақ, онда одан да төмен. 2020 жылы Президентіміз «Мемлекеттік тіл – ортақ тілге айналуы керек» деп үндеу жасаған, сол бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? – деді тұрғын.

тұрғыны
Фото: Kazinform

Айтылған сұраққа жауап берген қала әкімі 1-сыныпқа баратын балалардың 90%-ы қазақ тілін таңдайтынын атап өтті.

– Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болғаннан кейін оны дамыту үшін көп жұмыстарды істеп жатырмыз. Енді бәрін осы кездесудің басында бәрін айта алмаймын. Ал қаламызда жаңа салынып жатқан мектептердің көбісі қазақ тілінде ашылып жатыр. Оның ішінде гимназия да бар, лицей де бар. Осы жылы 1-сыныпқа келген балалардың 90%-ы — қазақтілді, – деді Ерболат Досаев.

Сәйкес жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуі тиіс

ШЫМКЕНТ: ЗИЯТКЕР ОҚУШЫЛАР ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ПАШ ЕТПЕК

zd_admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы