Синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған
11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхананың қызметін тоқтатты,
Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды
Олардан 60 келіден аса психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған жабдықтар алынды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.