Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

Шымкентте 22 адамнан тұратын радикал-экстремистік ұйым анықталды

фото;ашықдереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасы бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 адамнан тұратын “Хизб-ут-Тахрир” радикал-экстремистік ұйымын анықтады.

Прокуратураның мәліметінше, олар биыл “Рамазан” айында “ауызашар” өткіземіз деген желеумен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізген.

“Тінту барысында Қазақстанда тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату) және 259-бабы 1-бөлігіне (Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру) сәйкес тергеп-тексеру амалдары басталды”, – делінген хабарламада.

Прокуратура 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайтынын хабарлады.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада қараусыз ескі ғимараттан жасөспірім қыздың мәйіті табылды

Мемлекетаралық іздеуде жүргендердің басым бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар

Зорлық ісімен іздеуде жүрген қаскөй 30 жылдан кейін Павлодарда ұсталды