Жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің бағасы өзгерді

0
119

ІІМ жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау жөніндегі қызметтердің жаңа бағасын бекітті. Бұйрық 2024 жылдың 24 маусымында күшіне енді, – деп хабарлайды Tengri Auto.

Жаңа тәртіпке сәйкес6 құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):

жүргізуші куәлігі – 4 367 теңге;

көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2 250 теңге;

мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері – 3 923 теңге (жиынтық үшін);

“ТРАНЗИТ” мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері – 126 теңге.

Сондай-ақ, құжатта құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, процестерді есепке алу бойынша жұмысты автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу құны 747 563 358 теңге мөлшерінде белгіленген.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ