Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауыты салынады
– «ADC TAZA А’LEM» ЖШС тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жобасын іске асыруды бастады, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы инвесторларды тарта отырып, қалдықтарды өңдейтін зауыттар салуды тапсырды.
Осы тапсырма аясында Үкімет қайта өңдеу төлемдерін пайдалана отырып, қалдықтарды басқару саласында 94 инвестициялық жобаның пулын қалыптастырды. Барлық жобалар мүдделі тараптармен, атап айтқанда әкімдіктермен және бизнес-қауымдастықтармен келісілді.
Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін қазіргі 1 млн тоннадан жылына 2,2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
24 шілдеде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ «ADC TAZA А’LEM» ЖШС ҚТҚ өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жобаны іске асыруды бастау рәсіміне қатысты.
Жоба жылына 120 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды, органикалық қалдықтарды қайта өңдеуді (80 мың тонна/жылына) қарастырады. 70 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Қалдықтарды басқару саласындағы мұндай жобалардың толық жүзеге асырылуы аймақтардың экологиялық және экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658