Жанкүйерлеріміз бізге зор үміт артып отырғанын жақсы білеміз – Мырзағали Айтжанов

0
62
Фото: Бокс федерациясы

– Кеше ел жанкүйерлері басты үміт артып отырған боксшылар арасында жеребе тарту рәсімі өткен болатын. Аталған шарадан кейін, Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа арнайы хабарласып, алғашқы қарсыластарымыздың қаншалықты қарымды боксшылар екенін сұрап білген едік.

«Алғашқы қарсыластарымыздың кімдер екенін білдік. Сол қарсыластарымызды ұтқан жағдайда, келесі айналымда кімдермен жұдырыықтасатынымызды да бағамдап отырмыз. Жалпы, Олимпиада ойындарына әлемнің ең үздік боксшылары сұрыпталып келді. Барлығы оңай шағыла қалатын жаңғақ емес. Сондықтан, біздің әр жекпе-жектегі жеңісіміз аса маңызды. Қателіктерге мүлде жол беруге болмайды. Шаршы алаң қателікті мүлде кешірмейді. Онсыз да қазақ жанкүйерлері боксшыларға аса қатты үміт артып отырғаны белгілі. Біз сол үмітті ақтауға бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті бас бапкер.

«Боксшыларымыз жарысқа қаншалықты дайын, Парижге келгеннен кейінгі көңіл-күйлері қалай?» деген сауылымызға бапкер «бәрі керемет» деп қысқа ғана жауап қайырды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше боксшылар арасында жеребе тарту рәсімі өтіп, алғашқы қарсыластарымыз анықталған болатын.

Ерлер арасында 51 келі салмақта Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін түркиялық Самет Кумушке қарсы өткізсе, 57 келі салмақта Махмұд Сабырхан – Испания боксшысы Хосе Кильеспен шаршы алаңға шығады.

Ал 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы тағы бір испаниялық Ойер Ибаррече Кондеге қарсы жұдырықтасады.

71 келіде команда капитаны Асланбек Шымбергенов иорданиялық Зияд Ишиашпен қолғап түйістіреді.

80 келіде Нұрбек Оралбай Австралия боксшысы Каллум Петерспен, ал 92 келі Айбек Оралбай – Олайтан нигерия Адам Олаормен рингке көтеріледі.

Сондай-ақ, аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев Испания боксшысы Гадфа Дриссимен өзара мықтыны анықтайды.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ