Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Фото: Ақорда

 – Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берілді.

Президентке сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндалды.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

XIX Азия ойындары: жүлденің бәрін дзюдошылар алып жатыр

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс грант негізінде бөлінбек

Еңбек саласы мен оның қаһармандарына арналған мурал ашылды