Астанада жас көшбасшыларға арналған Кәсіби даму академиясы өз жұмысын аяқтады

0
137

Елордада Кәсіби даму академиясы аясында жастар ресурстық орталықтарының басшыларына арналған семинар-тренингтер өтті. Жас көшбасшылар жобалық менеджменттің заманауи технологияларын, ресурстарды бөлу әдістерін, сыни және аналитикалық ойлау негіздерін зерттеп, шешендік өнер бойынша дәріс алды. Академия қорытындысы бойынша қатысушылар топтасып жобалар қорғады.

«Кәсіби даму академиясы» жобасын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2021 жылдан бастап, жастар саясаты саласындағы менеджментті жетілдіру үшін іске асырып келеді. Бұл жолы 50 көшбасшы сертификат алды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ