Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

Iрі мөлшерде жалған ақша сатқан

фото: elements.envato.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 5 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар ірі мөлшерде жалған ақша сатқан, деп хабарлайды zamandas.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушылар ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармағымен, сондай-ақ 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен, 392-бабының 1-бөлігімен айыпталған. Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет жалған 75 800 долларды (теңгемен есептегенде, 34 106 210 теңге) сақтаған және сатқан. Сонымен қатар біреуі Қазақстан Республикасының шекарасынан аталған шетел валютасын заңсыз өткізген.

Сотталушылардың кінәлары өздерінің, куәгердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді. Сот қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың асырауында жас балаларының болуын, істеген іс-әрекеттеріне шынайы өкініш білдіргендерін ескерді.

Айытпалушы Ж.-ға ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтарымен 6 жылға; А., Б., Д.-ға ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен 5 жылға; Ж.-ға ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен, 392-бабының 1-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан отбасы сотталды

zamandas69@mail.ru

Астанада қаржы пирамидасының 2 ұйымдастырушысы мен менеджері сотталды

Алаяқтық әрекеттерге барған 35 жастағы ер адамды ұстады