Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіпҚоғам

7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: polisia.kz

–   Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп жазды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Масаң күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды.

Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Жасанды интеллект жұмысымызды жеңілдетпек

zamandas69@mail.ru

Шымкентте танысы соққыға жыққан тұрғын көз жұмды

Елордада Apple Store қағидаты бойынша жұмыс істейтін ХҚКО ашылды