V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын шабандоздар іріктелді

0
35
Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы

– Алматы ипподромында қалалық Спорт басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында бәйгеден іріктеу кезеңі өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шабандоздар Алматыда бәйгенің 4 түрі бойынша бақ сынады. Жарысқа «Құнан бәйгеден» 27 сәйгүлік, «Топ бәйгеден» 46, «Аламан бәйгеден» 39, ал «Жорға бәйгеден» 11 сәйгүлік қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 16,5 миллион теңге.

Алматы қаласы Спорт басқармасы
Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы

«Құнан бәйгеде» Алматы облысынан келген Абзал Тұрғанбек мәреге бірінші, Алматы облысының тағы бір шабандозы Ділнұр Нұрмұқаш екінші, алматылық Абзал Тұрмыс үшінші жетті. «Құнан бәйгенің» үш қатысушысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға жолдама алды.

«Аламан бәйгеде» бірінші орын Жетісу өңірінің шабандозы Әлихан Болатханұлына, екінші орын Жамбыл облысынан келген Мұратхан Арнатқа, үшінші орын Мәди Жолшыбекке бұйырды.

Алматы қаласы Спорт басқармасы
Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы

«Топ бәйгеде» астаналық Арнат Мұратхан мәреге бірінші болып жетті. Екінші орынды Алматы облысының шабандозы Абзал Тұрмыс, үшінші орынды астаналық Исламнұр Ертөс иеленді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өткенін жазғанбыз. 


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ