Қазақстандық оқушылар IGeO-2024 географиядан халықаралық олимпиадаға қатысуда

0
44

Ирландияның Дублин қаласында географиядан IGeO-2024 халықаралық олимпиадасы басталды. Бұл жарысқа 50 ел қатысуда. Еліміздің құрама командасында төрт оқушы бар.

Команда құрамында:

Ақжол Болат — ФМБ НЗМ, 11-сынып оқушысы, Талдыкорған қаласы;
Арсен Сыдықов —ХББ НЗМ, 11-сынып оқушысы, Шымкент қаласы;
Қанат Серікбай — ХББ НЗМ, 11-сынып оқушысы, Шымкент қаласы;
Жомарт Сабыр — Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Жамбыл облысы.

Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді – «Дарын» РҒПО директордың орынбасары, Мақсат Аубакиров – «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.

Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Анықтама үшін: IGeO 1996 жылдан бері IGU Халықаралық географиялық одағының қолдауымен өткізіліп келеді. Жарысқа 16-19 жас аралығындағы ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады. Негізгі мақсаты — оқушылардың география мен қоршаған орта туралы басқа да ғылымдарға қызығушылығын арттыру және халықаралық байланыстарды дамыту. Бұл халықаралық білім додасында Қазақстан құрамасы 2023 жылы 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ