Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

Qazaq Air вьетнамдық инвесторға сатылады

фото:QazaqAir
«Samruk- Kazyna» компаниясы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық инвесторға сату бойынша келісімді қыркүйекте аяқтамақ.

Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.

«Samruk- Kazyna» мен SOVICO өкілі арасындағы келісім процесі кесте бойынша жүріп жатыр. Қыркүйекте келісімді жабу жоспарланып отыр»-деді вице-министр.

Бұған дейін Көлік министрі келісім сомасы 2 млрд теңгені құрайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ шетелдік инвесторға ел ішінде және шетелге жолаушы тасымалдау үшін кемі 20 әуе көлігін тіркеу талабы қойылған. Инвестор 20 емес, 50 әуе көлігін тартатынын мәлімдеген.

Сәйкес жаңалықтар

Қытай нарығы соңғы екі жылда қазақстандық өндірістегі жемдік ұнға тұрақты сұранысты көрсетіп отыр

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы қымбаттады

Жылыту мәселесіне атүсті қарауды доғарыңыздар – Олжас Бектенов

zamandas69@mail.ru