Душанбе қаласында «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі өтті.

0
107
 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Іс-шара Тәжікстан Республикасындағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды. Көрмеге ҚР Ұлттық музейі және Астана қаласы әкімдігінің музейлер бірлестігі дирекциясының қорынан жәдігерлер ұсынылды, деп хабарлайды oimaqnews.kz.

Көрменің негізін XVIII – XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрады. Жұртшылық назарына кілемдер, киізден жасалған бұйымдар, зергерлік өнер туындылары, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар мен ат әбзелдері ұсынылды.

Көрменің мақсаты – шетелдік көрерменді қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан мен Тәжікстанның үкімет мүшелері, саяси қайраткерлер, дипломатиялық корпус пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ