Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіпШоу-бизнесҚоғам

Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын шығатын болады

фото: ашық дереккөз
Соттың үкімі 15 күнде күшіне енеді.

Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын шығатын болады.

“Достар, сүйінші! Мұрат Әбділда түрмеден шықты. Сот әділ шешім шығарды. Енді соттың үкімі 15 күнде күшіне енеді. Бұл – біздің жұмысымыздың нәтижесі”, – деді құқық қорғаушы Молдахан Әділетхан.

Еске салайық, бұған дейін cот абақтыдағы белгілі қазақстандық блогер, әнші Мұрат Әбділданың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаcын айыппұлға ауыстыру туралы арызын қанағаттандырмаған еді.

“Мен сізден жаза шарттарын ауыстыруыңызды сұраймын. Бәрін түсіндім, бәрінен кешірім сұраймын! Бұл енді қайталанбайды. Өзіммен жұмыс істеп, лайықты өмір салтын ұстанамын! Жаза шарттарын айыппұлға ауыстыруыңызды сұраймын, түгел төлеуге дайынмын”, – деген еді Мұрат Әбділда.

Дегенмен прокурор соттан сотталушының өтінішін қанағаттандырмауын сұрады. Кеңесуден соң судья Талғат Қахаров өз шешімін айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Серіктестердің негізгі мақсаты – киіктердің популяциясын қалпына келтіру

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ: УӘДЕ ЕМЕС, ДЕРЕКПЕН ДӘЛЕЛДЕНГЕН ІС

zamandas69@mail.ru

Қайырымдылық, қауіпсіздік және көмек: елордалық еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр