Мәскеу Халықаралық кино апталығында креативті индустрияны дамытудағы қазақстандық тәжірибе таныстырылды

0
16

Ресей астанасында 1-ші Мәскеу халықаралық кино апталығы өтіп жатыр. Іс-шара мәдени және іскерлік бағдарламаны қамтиды. Кино апталығына 47 елден 130-дан астам киноиндустрия, мәдениет министрліктері өкілдері мен сарапшылар делегат ретінде қатысуда.

Талқылаудың негізгі тақырыбы – креативті индустрияны дамыту. Қатысушылар креативті саланы дамыту және қолдау стратегиялары, әлемдегі маңызды трендтер туралы ойларын ортаға салды.

Бұл бағытта Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстар туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов айтып берді.

Вице-министр креативті индустрияны қолдауға арналған заңнамадағы жаңашылдықтар мен Қазақстандағы таланттарды ынталандыру бағытындағы басқа да шараларға тоқталды.

«Қазақстан 4 негізгі аспектіге баса назар аударып отыр.

Бірінші – салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың ақпан айынан бастап креативті индустриялардағы шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 6,5 мыңға арттыруға мүмкіндік туды. Екінші – инфрақұрылымды дамыту. Қазақстан аймақтарында креативті хабтар белсенді түрде ашылуда. Олардың өзіндік салалық мамандануы бар.Үшінші – саланы институттандыру. Даму агенттіктері бар креативті индустрияны дамыту саласындағы жетекші елдермен салыстыра отырып, біз мамандандырылған қор құруға көшеміз. Ал бұл мәселедегі қазақстандық көзқарас саланы қаржыландыру үлгісі жағынан да, қолдау шараларының архитектурасы жағынан да бірегей болмақ.
Төртінші аспект – саланы цифрландыру. Қазақстан – электронды үкімет саласында әлемдік көшбасшылардың бірі. Қазір біз салада «Е-кино» жүйесімен жұмыс істеудеміз. Сондай-ақ, жақын уақытта авторлық құқық саласын цифрландыруды бастаймыз», – деп атап өтті Евгений Кочетов.

Сондай-ақ, кино апталығы аясында 300-ден астам шетелдік фильмдердің көрсетілімі жоспарланған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ