АЭС-ке кадрды шетелден шақырудың қажеті жоқ, өзіміз де дайындап үлгереміз – Саябек Сахиев

0
27

генеральный директор РГП «Институт ядерной физики» Саябек Сахиев
Фото: Үкімет

 – Атом электр стансасы салынған жағдайда Қазақстан отандық кадрларды дайындап үлгереді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев айтты.

«Қазақстанда 3 орталық бар. Осы үш орталық елімізге 5 мың кадр дайындап үлгерді. Ал атом электр стансасына бар-жоғы 1 400 ғана кадр қажет екен. 5 мың кадр дайындаған Қазақстан АЭС үшін 1 400 кадр дайындап үлгереді. Ол үшін шетелден шақырудың қажеті жоқ деп ойлаймыз», – деді ол.

Осы ретте институт директоры таяуда еліміздің барлық аумағында АЭС салуға қатысты қоғамдық тыңдаулар өткенін еске салды.

«Қазақстан халқымен кездесулерде жиі қойылған сұрақтардың бірі қауіпсіздік, оның ішінде радиациялық қауіпсіздік және кадрларды даярлау болды. Жалпы, Қазақстан таңдап отырған су-су энергетикалық реакторы алғаш рет 1957 жылы салынған. Сол уақыттан бері 415 реактор жұмыс істеп тұр. Соның 200-ден астамы – су-су реакторы. Оның бәрінде 67 жылдың ішінде бірде-бір төтенше оқиға болған емес. Штаттық режимде жұмыс істеп келеді. Бұл – қауіпсіздіктің бір белгісі. Екіншіден, Ядролық физика институтымыздың базасында су-су зерттеу реакторы бар. Ал МАГАТЭ-нің АЭС пен зерттеу реакторына қоятын талабы бірдей. 57 жылдың ішінде кем дегенде үш ұрпақ – ғалымдар, инженерлер ауысты. Демек, тек әлем емес Қазақстан да осы су-су реакторларының қауіпсіз екенін дәлелдеп отыр», – деді Саябек Сахиев.

Оның атап өтуінше, 1980 жылдары Ядролық физика институты орналасқан Алатау мөлтек ауданында 4 мыңдай адам тұрған. Қазір халық саны 15 мыңға жетті.

«2 жыл болды, соның 50-іне эксперимент ретінде детектор бергенбіз. Аптасына, айына өлшемдер жүргізіп отырады. 2 жылдың ішінде нормадан бірде-бір ауысу байқалған жоқ. Осының бәрі АЭС-тің радиациялық қауіпсіз екенін дәлелдейді», – деді ол.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ