ҚазҰӨУ студенттері Берлинде өткен беделді симфониялық оркестрлер фестивалінде өнер көрсетті

0
69

Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінен құрылған өнер ұжымы Берлинде өткен «Young Euro Classic» фестиваліне қатысты.

Фестиваль қатысушыларының репертуары белгілі еуропалық симфониялық шығармалармен қатар, музыкалық ұжымдардың қайталанбас өзіндік ерекшелігін көрсететін дәстүрлі композициялармен де толықтырылды.

Бұл – Қазақ ұлттық өнер университеті Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрінің Берлин қаласындағы Концертхаус сахнасына екінші рет шығуы. 2016 жылы ұжым аталған фестивальде дебют жасаған еді.

Көрермендер қазақстандық музыканттардың өнерін жоғары бағалады. Әсіресе, пианист Карина Измайлованың орындауындағы Шуман оркестрімен фортепианоға арналған концерттің интерпретациясы мен ҚазҰӨУ Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрінің орындауындағы Дворактың Сегізінші симфониясы ерекше қошеметке бөленді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік жастар симфониялық оркестрлерін жинайТЫН «Young Euro Classic» фестивалі 2000 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Биыл фестиваль дирекциясының шақыруы бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің қолдауымен оған ҚазҰӨУ музыкалық ұжымдары қатысты.

Ұжымның концерті екі себеп бойынша көрермендер үшін ерекше қызықты болды. Бір жағынан, оркестр белгілі композитор Нұрғиса Тілендиев өзінің «Махамбет» шығармасында классикалық оркестрмен біріктірген қазақтың ұлттық аспабы домбыра ансамблі мен лютня дыбыстарының үйлесімі еуропалық тыңдарман үшін бұрын естімеген таңғажайып әсерлі айрықша дүниені ұсынды. Сондай-ақ, фестиваль қатысушыларын қазақстандық жас музыканттардың репертуарындағы Роберт Шуман мен Антонио Дворяктың шығармаларын виртуоздық орындауы таң қалдырды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ