Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

“Жүргізуші тірідей өртеніп кетті”: БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті, – деп хабарлайды zamandas.kz mgorod.kz  порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні шамамен сағат 13.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында болған.

– Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Subaru-мен соқтығысқан, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Жол апаты салдарынан Volkswagen жанып кетті. Салонда отырған жүргізуші де тірідей өртеніп кеткен. Ал Subaru-да отырған жолаушы оқиға орнында мерт болды.

Subaru-дың жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде Нигерия, Бразилия азаматтары заңсыз жұмыс істеп келген

Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс

Астанада велошеру өтеді