Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апатына кінәлі белгілі кәсіпкер болып шықты

0
89

Қарағандыда болған жантүршігерлік жол апатының себепкері ретінде белгілі кәсіпкер Сергей Камаев аталды. Бұл туралы «Патриот» жазды.

«Адам өліміне себепкер болған Lexus жүргізушісі Қазақстандағы белгілі кәсіпкер Сергей Камаев болып шықты. Оның кәсібі машина жасау саласында», – делінген хабарламада.

Айтуынша, Lexus жүргізушісі өз жолағында жоғары жылдамдықпен келе жатып, алдыңғы көліктің артқы бамперіне соғылған. Лексустың жылдамдығы жоғары болды және жалпы көлік ағынының жылдамдығына сәйкес келмеді және тізбектің бойында адам өліміне әкелетін жаппай апат орын алды.

Камаевтың Қазақстандағы машина жасау саласының дамуы туралы бірнеше рет БАҚ өкілдеріне сұхбат бергені, түрлі конгресстер мен дөңгелек үстелдерге қатысқаны, сонымен қатар «Атамекен» АЭС-інің мүшесі екені атап өтіледі.

Мәліметтерге сәйкес, марқұм «Ниссан» көлігінің жүргізушісі 1984 жылы туған Алдаңғаров болып шықты. Бұл Lexus келіп қаққан алғашқы көлік. Ал Алданғаровтың жолаушысы жүкті әйел болған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Қарағанды ​​облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов бұл іс полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ