JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталары

0
60
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды zamandas.kz

Монеталардың қай күні сатылымға шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталары туралы ақпаратқа тоқталайық.

Жошы хан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орда атанған Жошы ұлысының негізін қалаушы. Ұлытау облысында Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын Жошы хан кесенесі орналасқан. Монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы – Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж бар.

Монеталар:

  • Алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 5 000 теңгелік, таралымы – 100 дана;

Номиналы 5 000 теңгелік монета:

  • Алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 311 грамм, диаметрі 75 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 2 000 теңгелік, таралымы – 300 дана;

Номиналы 2 000 теңгелік монетана:

  • Алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 1000 теңгелік, таралымы – 1000 дана;

Номиналы 1 000 теңгелік монета:

  • МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 8 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ