Белгілі актер Үсіпхан Сейтімбет қайтыс болды

0
50

Белгілі актер, “Құрмет” орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет дүниеден озды. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Үсіпхан Сейтімбет 1960 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Игілік ауылында дүниеге келген.

1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.

1983 жылы Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.

1999 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Ол “Құрмет” орденінің иегері (2019ж.), “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалінің иегері (2016ж.), “Мәдениет саласының үздігі” медалінің иегері (2018ж.).

Актер Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр сахнасында М.Әуезовтің “Абайында” Нарымбет пен Долговты, И.Сапарбайдың “Сыған серенадасында” Баронды, Шекспирдің “Ромео мен Джульеттасында” жүргізушіні және тағы да басқа кейіпкерлерді сомдаған. Сондай-ақ тәуелсіздіктің қайта оралуына себепші болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан. Өнердің бір тармағы саналатын әншілікті жанына серік еткен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ