Жұлдыз ауруына жол бере алмаймын

0
81
Фото: видеодан кадр
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов “Түнгі студия” бағдарламасында қонақ болды, – деп хабарлайды zamandas.kz  Aikyn.kz.ке сілтеме жасап.
Спортшы бағдарлама барысында балалық шағы, ата-анасы қалай өсіріп, тәрбиелегені жайлы сөз қозғады.

«Мұны еш жерде айтпағанмын. …Жұлдыз ауруымен ауырып қалмайсың ба?» деп жатқандар бар. Кейбіреулер көтере алмай қалады деген сияқты. 1998-1999 жылдары қиын кездер болды. Бала кезде темір өткізіп, нан алған кез болды. Ата-анамның біз үшін қалай еңбек етіп жатқанын көрдім. Есімде қалғаннан кейін қазір жұлдыз ауруына жол бере алмаймын. Ауылда тұрдық, әкем қалаға кетіп, құрылыста жұмыс істеді. Анам үйде отырды. Бір табақ ұн үшін біреудің үйін тазалаған сәттері болды. Біреудің үйін тазалап жатқанын көзіммен көріп өстім», – дейді спортшы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ