МАҢҒЫСТАУДА БАРЛЫҚ 98 ОҚУШЫ ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

0
111

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды, үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды.Бұл туралы zamandas.kz хабарлайды Денсулық министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 466 оқушысы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар облыстың медициналық мекемелеріне жүгінгенін естеріңізге сала кетейік. Оның 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді.

Уақтылы және білікті медициналық көмек пен барлық жауапты органдарды нақты үйлестірудің арқасында Маңғыстаудағы жағдай толығымен тұрақтандырылды және балалардың денсаулық жағдайы алаңдаушылық туғызбайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ