Елорданың жасыл белдеуінің аумағына 750 құс жіберілді

0
58

Құстардың түрлерін арттыру мақсатында «Астана орманы» ЖШС жыл сайын қырғауыл құсын жібереді. Бұл жолы елорданың жасыл белдеуінің аумағына 750 құс жіберілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметі бойынша, қырғауылдың тіршілік ету ортасы жыл сайын кеңейіп келеді.

Елорданың жасыл белдеуі қырғауылға қажетті ортаға ие. Түрлі ағаштар, қамыс, жайылымдар мен дәнді дақылдар олардың өмір сүруіне қолайлы орта жасайды. Табиғи экожүйелер максималды әртүрлілігімен ерекшеленеді, бұл олардың тұрақтылығын барлық аспекті бойынша – табиғатты қорғау, рекреациялық, экономикалық жағынан арттырады.

Қырғауыл құсын ары қарай да өсіру үшін толық қалпына келтіру жүргізілді. Құстарды «Астана орманы» ЖШС орманшылары үнемі назарда ұстайды, қыстыгүні қажет болған жағдайда қосымша азық беріледі.

«Қырғауылдар аязға өте төзімді, олар ерекше назар аударуды қажет етпейді, тек қыста азықтандыру қажет. Қырғауыл құсы негізінен өсімдікпен – тұқымдармен, жидектермен, өсімдіктердің тамырымен қоректенеді, бірақ қажет жағдайда жануарлардың жемімен, тіпті жәндіктермен қоректенеді», – деді елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы.

Қазіргі уақытта мұнда 2100 қырғауыл бар. Биыл елорданың жасыл белдеуі аумағына 1800 қырғауыл жіберу жоспарланған, оның ішінде сәуір айында бірінші партия – 700 бас, маусымда – 150 бас шығарылды, енді 750 данасы шығарылып отыр. Осы айдың соңында 200 қырғауыл шығару жоспарда бар.

«Астана орманы» мамандарының пікірінше, қырғауыл құсын өсіру бірқатар мәселені шешуге көмектеседі және республикамыздың биоалуантүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар зиянкестермен биологиялық күресу арқылы орман екпелерін сақтауға ықпал етеді.

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ