Оқу-ағарту министрлігі «Даналық ұстаздан» челленджін жариялады

0
73

Оқу-ағарту министрлігі 5 қазан Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» челленджін жариялайды. Бұл шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді», – дейді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Сіздер де сүйікті ұстазыңыз туралы қысқаша бейнеролик немесе құттықтау лебізіңізді әлеуметтік желіде жариялай отырып, білім берген ұстазыңызға алғыс білдіре аласыздар. Сондай-ақ елімізде «Қалықта, әнім, Ұстазым деп!» тақырыбында челлендж өтеді. 3 қазан күні сағат 12:00-де білім беру ұйымдарының оқушылары «Ұстазым» әнін бір мезгілде орындайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ