Құрманғазы оркестрінің 90 жылдық мерейтойы

0
36

фото:ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдық мерейтойы 3-4 қазан күндері халықаралық деңгейде тойланды.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұжымның мерейтойына Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан және еліміздің барлық облыс орталықтарынан өнер майталмандары қатысты.

Екі күнге жоспарланған іс-шара аясында «Інжу-маржан» мерекелік концерті, дирижерлар шеруі, оркестрдің қалыптасу кезеңінен сыр шертетін құнды жәдігерлер топтамасынан жылжымалы көрме, «Қазақ ұлт-аспаптар оркестрлерінің репертуар мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел, БАҚ қатысуымен баспасөз конференциясы, «Адай», «Сарыарқа» күйлері бейнебаянының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Ұлттық оркестрдің мерейтойына орай ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның, облыс әкімдерінің құттықтау хаттары оқылды.

Екі күнге жоспарланған мерейтойлық шарада Ұлттық оркестрмен бірге Өзбекстан Республикасының Халық артисі Фарух Садықов, Қырғызстан Республикасының Халық артисі Бақыт Тілегенов, Қырғызстан Республикасының еңбек іңірген артисі Айбек Саралаев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, күйші Секен Тұрысбеков, ҚР Халық әртістері Талғат Күзембаев, Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жалғасбек Бегендіков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айтқали Жайымов, Дүйсен Үкібай, Жанас Бекентұров, Арман Жүдебаев, Дінзухра Тілендиева, Жексен Айсын, Абылай Тілепберген, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Нарын Қажығали, Айдос Жабағин, Еркебұлан Сапарбаев, Төлеген Рахымбаевтар өнер көрсетті.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ