Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

фото:Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық мереке – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.   
Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.

Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған бұл күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы деп баға берген болатын.

Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

 

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Меморандумның негізі – тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету

ТҮРКІСТАНДА УНИВЕРСИТЕТТІҢ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР БҮР ЖАРДЫ