Ризабек Айтмұхан – Әлем чемпионы

0
55

Ризабек Айтмұхан Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында (U23) жеңімпаз атанды,-деп хабарлайды zamandas.kz.

Ұлттық құрама спортшысы 97 кг дейінгі салмақтың финалында ирандық қарсыласы Махди Мұхарамәли Морафаны ұтты.

Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ палуанына айналды. Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.

22 жастағы Махди – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021 жыл).

Отандасымыз кеше 3 белдесу өткізіп, алғашқысында Каллум Уильям Нокты (Канада), сосын Владислав Козловты (Бейтарап атлет) таза жыққан. Ал жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түскен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ