Полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады

0
16

Фото: видеодан алынды

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. Сондай-ақ 66 есірткі құқықбұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 келі “синтетика” және 11 келі марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасуда”, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз