Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы аталып өтті

0
31

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония сахнасында халық ақыны, әнші-композитор, «Алатаудың бұлбұлы» Жетісу ән мектебінің көрнекті өкілі Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерті өтті.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабар етті.

Концерттік бағдарламада Кенен Әзірбаевтың «Қордай», «Анама», «Бозторғай» әндері, сондай-ақ, ақынның оркестрге өңделген және Н.Тілендиев пен Қазақстан композиторларының шығармалары орындалды. Іс-шарада Қазақстанның халық әртісі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев қазақ дүлділінің өнегелі өмірі мен шығармашалығы жайында сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, Мәдениет саласының үздігі Шолпан Даржанова, Бейбіт Мұсаев және филармония солистері өнер көрсетті.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғасбек Бегендіков дирижерлік етті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева.

Концертке Кенен Әзірбаев мұрасын халық арасында насихаттап жүрген Төрткен Кененқызы бастаған ұрпақтары қатысты.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ