«Таза Қазақстан – таза Астана» байқауы өтеді

0
10

«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері арасында «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың мақсаты – Астана қаласының, оның маңындағы және елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қалдықтарды жинау және кәдеге жарату (көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, көлік жүретін жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды қолмен және механикаландырылған тазалау); су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу (жылжымалы сорғы қондырғыларының көмегімен су басқан аумақтардан суды айдау; елді мекендерден қарды қар полигонына шығару); «Таза Қазақстан» мемлекеттік экологиялық бағдарламасы шеңберінде «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту.

Конкурсқа қатысуға қазақстандық БАҚ өкілдері, авторлар мен блогерлер шақырылады.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік телевизиялық материал»;
2) «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»;
3) «Баспа басылымындағы үздік мақала»;
4) «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».

Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылғы 7 қазан мен 10 желтоқсан аралығында шыққан мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.

Жұмыстарды тәуелсіз комиссия бағалайды, оған қаланың коммуналдық қызметтері саласындағы сарапшылар мен мамандар және беделді журналистер кіреді. Қазылар алқасы келесі критерийлерді басшылыққа алады:

1) берілген тақырыптың өзектілігі мен сәйкестігі;
2) тақырыпты ашу тереңдігі және ұсынылған ақпараттың дұрыстығы;
3) презентация стилі;
4) авторлық пайымдаудың өзіндік ерекшелігі.

Конкурсқа қатысу үшін материалдар мына электрондық пошта арқылы қабылданады: astana_tazalyk@mail.ru. Байланыс телефоны: +7 778 700 4324.

Жұмыстар 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін Астана уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы 2024 жылғы 11-13 желтоқсанда шығарылады.

Жүлде қоры 3 млн теңгені құрайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ