Екі апта ішінде 1 миллиард касса жинаған
Бұл жайлы фильмнің продюсері Серік Ибрагимов мәлімдеді.
Жақында үлкен экранға жол тартқан «Zamanback» фильмі екі апта ішінде 1 миллиард касса жинаған. Бұл жайлы фильмнің продюсері Серік Ибрагимов мәлімдеді.
«Сүйінші! Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңызбен ZamanBack фильмі рекордқа қадам басты. Біз сіздерді құттықтаймыз! Бұл халықтық фильм! Екінші толқын басталды», – деп жазды Серік Ибрагимов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары продюсерге ізгі тілектерін жазған.
Дистрибьюторлардың айтуынша, Серік Ибрагимов түсірген комедия отандық кинотеатрларда 18 күн ішінде 1 миллиард 44 миллион теңге табыс тапса, оның 46 пайызы, яғни 480 миллион теңгесі Kinopark және Kinoplexx желілерінің кинотеатрларынан түскен.