250-ден 600 шаршы метрге дейінгі алаң берілетін болды

0
26

Қазақстанға Шаньдун провинциясының Циндао қаласында орналасқан «Қытай-ШЫҰ» өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығының пилоттық аймағында өтеусіз негізде 250-ден 600 шаршы метрге дейінгі алаң берілетін болды,-деп хабарлайды zamandas.kz

Аталған келісім Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайға жұмыс сапарының нәтижелерінің бірі болды. Сондай-ақ, министр Шаққалиев бастаған делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Шаньдун арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайту болды.

Шаньдун өңірін 100 млннан астам  халық мекендейді. Шаньдун Қытайдағы экономикасы әлдеқайда дамыған аймаққа жатады. Экономиканың негізін автомобиль, электроника, нефтехимия, металлургия және ауылшаруашылығы салалары құрайды. Маңызды ауылшаруашылық өнімдеріне  бидай, жүгері және көкөніс кіреді.

Кездесу барысында сөз алған Шаньдун провинциясының губернаторы  Чжоу Найсян Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін айтты.

«Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан Шаньдунға экспорт көлемі 8 млрд юаньді құрады. Шаньдундық 45 компания Қазақстанға 2 млрд юань көлемінде инвестиция құйды. Министр мырза сіздің бұл сапарыңыз Қазақстан мен Шаньдун провинциясыарасындағы қарым -қатынасты одан әрі нығайтуға серпінбереді деп сенемін» – деді ол.

ҚР Сауда және интеграция министр Арман Шаққалиев Шаньдун губернаторының ыстық ықыласына ризашылығын білдіре отырып, екі ел Президенттерінің алға қойған тапсырмасына тоқталды.

«Қазақстан мен Қытай мәңгілікке стратегиялық әріптес болып табылады. Біздің қарым-қатынасымызда жаңа алтын отыз жылдықты аштық. Өткен жылдың қортындысы бойынша Қытай Қазақстанның нөмірі бірінші сауда әріптесі болды. Екі ел арасындағы тауар айналымы 41 млрд АҚШ долларын құрады. Екі елдің көшбасшылары тауарайналымын 80 млрд АҚШ долларына дейін жеткізумақсатын қойды. Біз үшін экономикасы қарқынды дамыпжатқан Шаньдун провинциясы  үлкен қызығушылық тудырып отыр», – деді министр.

Одан әрі қазақстандық делегация Шаньдун провинциясының «Shandong Hi-Speed Group», «Shandong Energy Group», «G-WEIKE», «Lingong Heavy Machinery», «Tsingtao» сияқты жетекші компанияларында болды. Аталған компаниялардың өндірістік қуаттарымен танысып, тау-кен және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

«Tsingtao Beer Group» компаниясымен ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар шиікзаттық емес экспортты ілгерлітеу мақсатында Семейдегі сыра зауытын  қайта жандандыру мәселесі сөз болды. Осы зауыттан шыққан өнім Қазақстан нарығын ғана емес, Орталық Азия және ЕАЭО кіретін елдерді де қамтуға мүмкіндік береді.

Шаньдун Қытайдағы көлік жүйесі дамыған өңір болып табылады. Провинция Бейжің, Шанхай және тағы басқа қалалармен  жоғары жылдамдықтағы теміржолдарымен байланысады. Әлемдік нарықтарға экспорттық өнімдерді жіберіп отырған Циндао мен Яньтае порттары халықаралық саудада маңызды рөл ойнайды.

Ал Цзинань қаласының мэрі Юй Хайтенмен кездесу барысында жоғары жылдамдықты темір жол бағыты және өнеркәсіптік кооперация, жасыл энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ