Алматыда тозығы жеткен 34 көпқабатты үй бұзылды

0
35
 Фото: Алматы әкімдігі
– Алматының Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында 34 ескі үй бұзылды. Келесі жылы 30 ескі үйдің тұрғындарын жаңа баспанаға көшіру жоспарда. Алматы әкімдігінің мәліметінше, «Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы» жалғасып жатыр. Жетісу ауданында 2030 жылға дейін 135 үйді қамтитын жаңа реновациялау бағдарламасы бекітілді. Қазір ауданда 304 пәтерді қамтитын 34 ескі үй бұзылды. Келесі жылы 30 үйдің 280 пәтерінің иесін жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр. Мысалы, Қрылов, Скрябин, Гончаров көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында инвестор 16 ескі үйдің орнына 944 пәтерден тұратын 11 үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. үй бұзылды Бұзылған үйлердің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілді. Бүгінгі таңда 9 үй толық аяқталған, ал қалған 2 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Боткин, Казаков, Гончаров, Скрябин көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында тағы бір компания 6 ескі үйдің орнына 576 пәтерлі 11 үй салып жатыр. Бүгінде бірінші кезектегі 3 үй пайдалануға беріліп, бұзылған үйлердің тұрғындары сол жерге көшірілді. Қалған 8 үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Бағдарлама аясында жаңа үйге көшкен тұрғындардың бірінің айтуынша, олардың отбасы ескі, сейсмикалық қауіпті үйден, заманауи тұрғын үй кешеніне көшкен. «Біз жөнделіп, дайындалған, алаңы бірдей жаңа пәтер алдық. Үйдің құрылысы кезінде бізге уақытша баспана тегін берілді. Мұндай бағдарламалар өте маңызды, себебі әркімнің жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға мүмкіндігі жоқ, әсіресе ескі үйдегі жылжымайтын мүлікті сату қиын», – деді Фарида Ишмеметова. Бағдарлама аясында сейсмикалық тұрақсыз, пайдалану мерзімі өткен және өмірге қауіп төндіретін үйлерді бұзылады. Олардың орнына заманауи тұрғын үй кешендері салынады. Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері 2 726 кезекте тұрған азамат коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ