Теміртаулық тұрғынға айыппұл салынды

0
19

Әлеуметтік желіде жолбарыс туралы видео таратқан теміртаулық айыппұл арқалады.

Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарлады. Полицияның айтуынша, бейнежазба көпшілік арасында үрей тудырған.

“Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзуға әкеп соқтырған жалған ақпарат таратқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды. Жалған ақпарат тарату әкімшілік, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз. Азаматтарды өз жарияланымдарында жауапкершілікпен қарауға және оны таратпас бұрын ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырамыз!”, – деп ескертті тәртіп сақшылары.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағанды облысы, Теміртау қаласына кірер жолдың бойында  жолбарыс жүр деген ақпарат тараған еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ