«Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»

0
38

ҚР Ұлттық музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығы аясында облыстық музей қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды.

Көрмеге ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт мұрасы, ХІХ-ХХ ғасырларда Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар қойылды.

Келушілер Сыр бойындағы ежелгі өркениет іздерінмен, Тәуелсіздік жылдарында Шірік Рабат, Сығанақ, Түгіскен, Жетіасар, Жанкент, Қышқала, Асанас қалашықтарына жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен таныса алды.

Сондай-ақ, белгілі тұлғалардың домбыралар коллекциясы, С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорындаға қылқалам шеберлерінің картиналары көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шараға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Көрме 2024 жылдың 19 желтоқсанына дейін жалғасады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ