Талғардың шетінде ер адамның денесі табылды
«Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол салған. Марқұмның биыл 4 қазанда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы уақытта қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады», – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын айтады.
«Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзет қызметкерлерінің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адамның күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке автокөлікпен кеткені анықталды», – делінген хабарламада.