Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды,– деп хабарлайды Zamandas.kz.
olympic.kz хабарлауынша, Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді.
Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келімен қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионатында топ жарған еді.