Шығармашылық ізденістерге арналған маңызды әрі құнды басылым

0
12

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі кинотанушы, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің «Когда оживают сказки: мультипликационное кино Казахстана» монографиясының (қайта басылымы) тұсаукесері өтті.

Монографияда алғаш рет өнердің жаңа түрі ретінде қазақ анимациясы жан-жақты зерттелген. Бауыржан Нөгербек қазақ анимациясының қалыптасу кезеңінен бастап дамуына дейін, фильмдер мен көркемдік құбылыстарға талдау жасайды. Сонымен қатар қазақ фольклоры, ұлттық дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктерді қайта пайымдауда анимацияның рөлі маңызды екеніне де тоқталады.

Бұл – анимациялық өнерді зерттеуде, жаңа буын суретшілері мен зерттеушілерінің шығармашылық ізденістеріне арналған маңызды әрі құнды басылым.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ