Шекарадан өзге адамның құжатымен өтпек болған

0
12

2025 жылғы 18 қаңтарда Түркістан облысының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде шетел азаматы басқа адамның төлқұжатымен Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтуге әрекеттенгені үшін ұсталды.

ҰҚК-нің мәліметінше, 2025 жылдың басынан шекарашылар жалған және басқалардың төлқұжаттарын пайдаланудың 16 фактісін анықтаған.

2024 жылы халықаралық қатынас жолдарында 400-ден астам осындай құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.

ҰҚК шекара қызметі жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ