Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егісті ерте қаржыландыруға өтінім берді
![](https://zamandas.kz/wp-content/uploads/2025/02/7a1b6dfea659f8ce4a07a1b2e5fc6920_1280x720-905x613.jpeg)
Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Алдағы ауылшаруашылық маусымына дайындық аясында 2024 жылдың қарашасында көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру басталды.
«Несиелеу арналары кеңейтілді: алғаш рет егіс несиесін ӘКК арқылы алуға болады. 1,3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден егіс науқанын қаржыландыруға өтінімдер пулы 205,1 млрд теңгені құрады. 914 АШТӨ 126,3 млрд теңгеге қаржыландырылды», – деді министр.
Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров 2025 жылы жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлу жоспарланғанын айтты. Қаржыландыру ағымдағы айда басталады.
Облыс әкімдіктеріне қар ұстау және ылғалды жабу жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізуді, агротехникалық іс-шараларды уақтылы сақтауды және т.б. мәселелер тапсырылды.
Көктемгі науқанды өткізу мәселесі ерекше бақылауда.