Қалта ұрылары ұсталды

0
13

Алматыда қалта ұрылары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласының жедел уәкілдері қоғамдық көлікте жолаушылардың қалтасын аңдыған ұрыларды құрықтады. Ұсталған күдіктілер жолаушылардың ұялы телефондары мен бағалы заттарын ұрлап келген. — Күдіктілердің бірі – 47 жаста, ал екіншісі – 26 жаста. Екеуі де осыған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, яғни тәжірибелі ұрылар. Қазіргі уақытта олар қамауда. Тергеу барысында олардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев. Полицейлер азаматтарға мүліктік қауіпсіздік шараларын ұмытпау қажеттігін тағы да ескертеді. Адамдар көп жиналатын орындарда бағалы заттарыңызға мұқият болыңыз, әсіресе гаджеттеріңізді көзден таса етпеңіз. Егер ұрлықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ