Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяЗаң мен тәртіп

Ақтөбеде екі күнде 1300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды

Ішкі істер министрлігі ел жолдарындағы апаттылықты азайту, сондай-ақ жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды жұмыстарды жалғастыруда.

Қазіргі уақытта ведомство жекелеген өңірді тексеру форматына көшті. Дәл қазір мұндай іс-шаралар Ақтөбе облысында белсенді түрде өтіп жатыр.

 — Тиімділікті барынша арттыру үшін Астана қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстары патрульдік полиция бөліністерінің қосымша күштері мен құралдары тартылды. Бұған дейін мұндай мақсатты тексерулер Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарында өз тиімділігін дәлелдеген болатын. Тәжірибе көрсеткендей, күштерді жұмылдыру ең қауіпті құқық бұзушыларды жедел анықтауға мүмкіндік береді, — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлнұр Құдайбергенова.

Ақтөбеде іс-шараның екі күнінде жол жүрісі қағидасын бұзудың 1351 дерегіне тосқауыл қойылды. Апаттылыққа тікелей әсер ететін және азаматтардың өміріне қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда екі күн ішінде:

  • көлікті мас күйде басқарудың 11 дерегі;
  • есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың 1 дерегі;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығудың 5 дерегі;
  • бағдаршамның тыйым салу сигналына өтудің 20 дерегі анықталды.
  • 47 адам жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған.

Сонымен қатар жолдарда апатты жағдайлар тудыратын жүйелі бұзушылықтардың жолы кесілді:

  • 56 автокөлік мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген;
  • 1 жүргізуші жалған нөмір пайдаланған;
  • 208 көлік құралы техникалық регламент талаптарына сай келмеген;
  • 180 көлік міндетті техникалық байқаудан өтпеген;
  • 150 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған;
  • 65 жүргізуші көлік жүргізу кезінде ұялы телефонға алаңдаған.

Жаяу жүргіншілер де жауапкершілікке тартылды. Олардың тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 66 дерегі тіркелді. Екі күнде арнайы айыппұл тұрақтарына 110 көлік қойылды. Оның ішінде 11 автокөлік шетелдік есепте тұрған, сондай-ақ түрлі бұзушылықтары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынған 41 көлік құралы бар.

Мұндай тексерулер елдің басқа өңірлерінде де жалғасатын болады. ІІМ жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүрісі қағидаларын сақтауды  ескертеді.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстан вошел в топ-50 крупнейших экономик мира с ВВП $319 млрд

Казахстан усилил позиции в предметных рейтингах QS 2026

Более $33 млрд инвестиций: о казахстанско-российских проектах в обрабатывающей промышленности высказался Смаилов

zamandas69@mail.ru